• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-02/201

292 рет
көрсетілді

2015 жылғы 6 наурыз, Астана қаласы Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту туралы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғаламтор-ресурсында орналас­тырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ____________ Е.Досаев 2015 жылғы 31 наурыз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы №18-02/201 бұйрығымен бекітілген Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Заңның 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі – қорық) аумағында арнайы бөлінген учаскелерде күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеменің негізінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол беріледі. 3. Қорықта әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қорық әкімшілігі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Марқакөл көлінің арнайы бөлінген учаскелерінде ұйымдастырады. 4. Арнайы бөлінген учаскелерде әуесқойлық (спорттық) балық аулау, 1 мамырдан бастап 1 шілде қосылатын бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінен басқа, ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңде жүргізіледі. 2. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібі 5. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға балық аулаушыда жеке басын куәландыратын құжаттар және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама (бұдан әрі – жолдама) болған жағдайда жүргізіледі. 6. Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдаманы қорық әкімшілігі береді және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген және қорық әкімшілігінің мөрі басылған қорықта әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамалар беру журналына тіркейді. 7. Жолдамалар нөмірленеді және қатаң есептілік құжаты болып табылады. 8. Жолдама тұрғылықты жерінен анықтама және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 501-бабының 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ақы төленгенін растайтын құжаттар болған жағдайда беріледі. 9. Жолдама 7 күнтізбелік күнге дейін мерзімге беріледі, бір жолдамаға ауланатын балық көлемі 5 килограмнан аспайды. 10. Жоғалған және пайдаланылмаған жолдама қалпына келтірілмейді және ұзартылмайды. 11. Балық аулаушы әуесқойлық (спорттық) балық аулау басталар алдында қорықтың бақылау бекетінде тіркелу үшін осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады. 12. Арнайы бөлінген әуесқойлық (спорттық) балық аулау учаскелері жергілікті жерде әуесқойлық (спорттық) балық аулау орындары туралы ақпараты бар көрсеткіш белгілермен белгіленеді. 13. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау барлық жүйелер мен атаулардың (жылтырауық темір, қармақ, жерлицалар, спиннингтер) бір балық аулаушыға 5 данадан аспайтын ілгекті қармақтармен жүргізіледі. 14. Балық аулаушы кестенің тиісті бағандарын толтырып, жолдамаға ауланған балықтың мөлшері мен түрлері туралы мәліметтер енгізеді. 15. Балық аулаушының ауланған балығы бақылау бекетінде қорықтың мемлекеттік инспекторына көрсетіледі, ол жолдамаға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, қол қою арқылы куәландырады. Бұл белгі ауланған балықты тасып әкетуге немесе алып кетуге негіз болып табылады. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларына 1-қосымша Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында Марқакөл көлінің арнайы бөлінген учаскелерінің тізбесі 1. № 1 учаске. Алаңы 615 гектар. Марқакөл көлінің Урунхайка селосына жанасып жатқан солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. № 1 учаскенің шекарасы шығыс және оңтүстік жағынан көлдің жағалау жиегімен өтеді, батыс шекарасы Тихушка өзені сағасы (оңтүстік-шығыс жағалау) мен «Второй мыс» (солтүстік-шығыс жағалау) аралығындағы көл айдынында орналасқан. Көлдің жағалау жиегіне қатысты № 1 учаскенің батыс шекарасы көл айдынында 900 метрден 1500 метрге дейінгі қашықтықта өтеді. 2. № 2 учаске. Алаңы 150 гектар. Марқакөл көлінің Матабай ауылымен жанасып жатқан оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. № 2 учаскенің шекарасы оңтүстігінде Марқакөл көлінің жағалау жиегі арқылы өтеді. Батысында учаске Матабай өзенінің сағасымен, шығысында Первый Ключ өзенінің сағасымен шектеледі. Солтүстік шекарасы көл айдыны шегінде орналасқан, шығыс жағынан 400 метр және батыс жағынан жағалау жиегінен 1500 метр қашықтықта орналасқан. 3. № 3 учаске. Алаңы 85 гектар. № 3 учаске Төменгі Еловка селосына жапсарлас көлдің солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде шекарасы көлдің жағалау жиегі арқылы өтеді, батысында учаске Көктерек өзенінің сағасымен, шығысында Еловка өзені сағасымен шектеседі. Оңтүстік шекарасы көл айдыны шегінде жағалау жиегінен көлді бойлай 600 метр қашықтықта орналасқан. 4. № 4 учаске. Алаңы 30 гектар. Марқакөл көлінің Жоғарғы Еловка ауылына жанасып жатқан солтүстік бөлігінде орналасқан. № 4 учаске шекарасы солтүстігінде көлдің жағалау жиегімен өтеді, батысында учаске Бірінші Пихтовая өзені сағасымен және шығысында Соңғы Пихтовая өзені сағасымен шектеседі. Оңтүстік шекарасы көл айдыны шегінде және жағалау жиегінен көлді бойлай 500 метр қашықтықта орналасқан. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларына 2-қосымша Нысан Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті тұрғындардың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ТҮБІРТЕК №____ «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ Кімге берілді ____________________ (Т.А.Ә.,бар болған кезде) Мөлшері _____________ (килограмм) Балық түрі ______________ Су бөгені мен учаскенің атауы _______________________________ Көлік __________________________ _______________________________ (түрі, маркасы, мемлекеттік нөмір белгісі) Қолданылу мерзімі: 20__жылғы «___» __________ бастап 20__жылғы «___» ___________ дейін. Берілген күні: 20__жылғы «___»_____________ Жолдаманы алдым, Қағидалармен таныстым __________ _______________________________ (Балықшының Т.А.Ә., бар болған кезде) ___________________________ (қолы) Жолдаманы берген _______________________________ (Т.А.Ә., бар болған кезде) _______________________________ (қолы) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ЖОЛДАМА №_______ «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ Кімге берілді ____________________ (Т.А.Ә.,бар болған кезде) Мөлшері ____________ (килограмм) Балық түрі _____________________ Су бөгені мен учаскенің атауы _______________________________ Көлік __________________________ _______________________________ (түрі, маркасы, мемлекеттік нөмір белгісі) Қолданылу мерзімі: 20__жылғы «___» __________ бастап 20__жылғы «___» ___________ дейін. Берілген күні: 20__жылғы «___»_____________ МТҚ аумағына кіру кезінде көлікті тексерген инспектор _______________________________ _______________________________ (Т.А.Ә., бар болған кезде, қолы) МТҚ аумағынан шығу кезінде аулан­ған балық мөлшеріне бақылау жа­саған инспектор _______________________________ (Т.А.Ә., бар болған кезде) _______________________________ (қолы) ЖОЛДАМАНЫҢ сыртқы беті Балық аулау туралы мәліметтер Күні Балық түрі Мөлшері (килограмм) ЖИЫНЫ: Балық аулаушы _________________ _______________________________ (Т.А.Ә., бар болған кезде) _______________________________ (қолы) Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларына 3-қосымша Нысан Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті тұрғындардың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамалар беру журналы р/с № Балық аулаушының Т.А.Ә. (бар болған кезде) Балық аулаушының тұрғылықты жері Жолдама берілген күн Жолдама нөмірі Жолдаманың қолданылу мерзімі Су айдыны мен учаскенің атауы 1 2 3 4 5 6 7 кестенің жалғасы Балық түрі Мөлшері Балық аулауды бақылайтын адам (Т.А.Ж., бар болған кезде) Қолдары дана килограмм Жолдама беруші Жолдама алушы 8 9 10 11 12 13 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10911 болып енгізілді.